САРЫСУДА «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен Сарысу ауданында «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы ашылды.
Аталған жобаның басты мақсаты аудандағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу және отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына арнайы әлеуметтік қызмет көрсету.
Бүгін баршамыз осынау игілікті істің куәсі болдық.
«Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында орталық меңгеруші, психолог, заңгер, шаштаразшы, тігінші және маникюр шебері қызмет көрсететін болады.
‼️ Орталық ашылу лентасын аудан басшысымен бақытты отбасының бастамашысы Ақмарал Басирова қиды.
Осынау игілікті шарада аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев сөз сөйлеп, аталмыш орталықтың халықтың игілігі үшін қызмет жасау әрқашан да қуаныш пен табыс әкеліп, жаңа істерге жетелейтінін айтты.
Д.Үмбетиярова, Сарысу ауданы