САРЫСУДА ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Біздің ауданының халқы өзінің мызғымас достығымен, тату бірлігімен қарқынды еңбек етіп келеді. Ауданда отыздан аса ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Олар ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени дамуы жолында аянбай еңбек етуде. Сарысуда өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, тілін, дәстүрін жаңғырту мен сақтауда бірқатар шаралар атқаруда. Бұл бағытта ауданда қазақ, славян, неміс, күрді, қырғыз, өзбек және кәріс этно – мәдени орталықтары жұмыс істейді. “Бірлік бар жерде – тірлік бар” – деген дана халқымыз. Аудандағы этно – мәдени орталықтардың өкілдері аудан өміріне, аудандағы қоғамдық – мәдени шараларға белсене араласып, берекелі тірліктің үлгісін көрсетіп келе жатыр. Бүгін аудандағы этно – мәдени орталық жетекшілері бас қосып, биылғы жылы атқарылатын жұмыстарды зерделеді. 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай, іс –шаралар жоспарын бірлесе әзірлеп, дайындық жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, медиа-жоспар бойынша атқаратын жұмыстарды талқылады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі