🔴САРЫСУДА “ӨНЕРІМ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!” ФЕСТИВАЛІНЕ ІРІКТЕУ ӨТТІ

🔰Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 10 қазанында Сарысу ауданы, Жаңатас көпсалалы колледжінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында “Өнеріміз саған,Қазақстан!” атты облыстық фестиваліне іріктеу өтті.✅
🔷Фестивальдің мақсаты — қазақ халқының өнері мен мәдениетін жан-жақты насихаттау, Қазақстан халқының бірлігін сақтау, еліміздің көптүрлі мәдени ерекшеліктерін дамыту, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру.
🔷Аталмыш жобағы мектеп оқушылары және колледж білімгерлері арасындағы этнос жастары қатысты.