САРЫСУДА СУАРМАЛЫ СУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

САРЫСУДА СУАРМАЛЫ СУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

✅Сарысу ауданында суармалы су мәселесін шешуге, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға өткен жылдан бері айрықша көңіл бөлініп жатыр.
©️©️©️
«Аудандағы алқаптарды суландыру бойынша жұмыстар жоспарлық кестеге сай, өткен жылдың төртінші тоқсанында басталған болатын. Желтоқсан айына дейін негізгі су көзі келетін Түгіскен магистралдық каналына механикалық жасақтың күшімен тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонау 1984 жылдан бері қараусыз қалған арнаның табаны орташа есеппен 2 мерт топырақтан 3.5 шақырымы демеушілер тарапынан аршылды. Қазіргі таңда табиғат салдарынан, өкінішке қарай ауданға келетін су мөлшері өткен жылмен салыстырғанда өте аз. Мәселен, былтыр осы уақытта Таластан келетін су мөлшері секундына 20 текше метр болса, биыл бұл көрсеткіш 3.8-ді құрап отыр. Сондықтан жергілікті шаруалардан биыл жерге ылғалдың аз түскендігін ескеріп, сабырлық танытуды сұранамыз», — деді аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей.

#ӨКҚ