Сарысуда жайылым жетіспеушілігі жоқ
Сарысу ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 615,6 мың га, оның ішінде жайылым – 506,2 мың га, шабындық – 37,4 мың га, бөгде жерлер – 47,7 мың га, егістік – 24,2 мың га және көпжылдық екпелер – 157 га құрайды.
Сарысу ауданында жайылым бойынша атқарылған жұмыстар туралы бізге аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерболат Ұзақбеков былай түсіндіріп өтті.
Жер мәселесі бойынша 5 бағыт бойынша Олар:
— Босалқы жер қорындағы жайылымды елді мекенге бекіту;
— 5 км радиуста орналасқан жайылымдарды қайтарып, елді мекенге бекіту;
— Мал басы көп тұрғындарды орман қоры жеріне шығару;
— Шаруа қожалықтарының жерлеріне кедергісіз мал жаюға келісімге меморандум жасау;
— Игерілмеген жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару.
Анықтама үшін:
2021 жылы Сарысу ауданы бойынша Прокуратурамен бірлескен зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 48 мың га жайылым жетіспейтіндігі анықталды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 49,4 мың га жайылым жерлер елді мекен жерлеріне бекітіліп берілп, елді мекен жерлерінің жайылымы 113 мың га құрады.
Жалпы жайылым жерлерді пайдаланудың негізгі 5 бағыты бойынша келесідей жұмыстар атқарылды және осы бағытта жалғасатын болады:
1-бағыт «Босалқы жер қорындағы жайылымды елді мекенге бекіту»
Сарысу ауданы бойынша босалқы жер қорындағы жайылымдық жерлерді елді мекендерге бекіту мақсатында Аудан әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі Облыс әкімдігінің Жер қатынастары басқармасымен бірлесіп осы бағытта ауылдық округтер бөлінісінде тиісті карта дайындалды.
Нәтижесінде барлығы 49,4 мың га жетіспейтін жайылымдық жерлер 9 ауылдық округтерге маусымдық жайылымдықтар ретінде (аудан әкімінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №153 қаулысы) бекітіліп берілді. Жоспар 41 мың га болып белгіленген, яғни 121%-ға орындалды
Барлық ауылдық округтерде жайылымды пайдалану жоспары мен схемасы дайындалып, ережеге сәйкес құжаттары мәслихат сессиясында бекітілді.
Бүгінгі таңда ауданда жайылым жетіспеушілігі жоқ.
2-бағыт «5 км радиуста орналасқан жайылымдарды қайтарып, елді мекенге бекіту»
Аудан бойынша 25 елді мекен бар. 5 шақырым радиуста 37,8 мың га жайылымдық жер орналасқан. Оның ішінде 7,9 мың га жайылым жер 21 шаруа қожалығының иелігінде.
Бүгінгі таңда (жоспарға сәйкес 2021 жылы – 725,1 га, 2022 жылы – 7,2 мың га) 1070 га жайылым жер (4 шаруа қожалықтан) өз еркімен қайтарылды Ал, өз еркімен қайтарудан бас тартылған 3,2 мың га жерді мәжбүрлеп қайтару бойынша тиісті қаулы қабылданып (19 шаруа қожалыққа мәжбүрлеп қайтару туралы қаулы шыққан), тәуелсіз бағалаушылармен есептеліп, нәтижесінде 23 млн. теңге қаржы қажет етіліп отыр.
Ендігі кезекте, қалған 3,6 мың га жер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
3-бағыт «Мал басы көп тұрғындарды орман қоры жеріне шығару»
2021 жылы аудан бойынша мал басы көп 18 тұрғын 11,3 мың га орман қоры жеріне 1 821 мал шығарды (Үлкен Көкдала ауылынан 5 азамат 4,4 мың га жерге, Кіші Көкдала ауылынан 4 азамат 2,9 мың га жерге, Досбол ауылынан 6 азамат 3,6 мың га жерге, Ақтоғай ауылынан 3 азамат 450 га жерге).
2022 жылы орман қоры жерлеріне 6 азаматтан 1,5 мың га жерге мал шығару туралы өтінім түсіп, мақұлданды (Жаңаарық ауылдық округінен 3 азамат 879 га, Досбол ауылдық округінен 3 азамат 650 га жерге мал шығарады).
Мал қыстату науқанына дейін өтініш қабылдау жалғасады.
4-бағыт «Шаруа қожалықтарының жерлеріне кедергісіз мал жаюға келісімге меморандум жасау»
Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 615,6 мың га, оның ішінде жайылым – 506,2 мың га, шабындық – 37,4 мың га, бөгде жерлер – 47,7 мың га, егістік – 24,2 мың га және көпжылдық екпелер (тал-дарақтар) – 157 га құрайды.
Жалпы, шаруа қожалықтардың жеріне кедергісіз мал жаю үшін 20,5 мың га жерге келісім қажет етілген. Бүгінгі таңда аудан бойынша көлемі 22,4 мың га (18,3 мың га жайылым, 4,1 мың га егістік) болатын 74 шаруа қожалықтардың жерлерінде кедергісіз мал жаю үшін меморандумдарға қол қойылды.
5-бағыт «Игерілмеген жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару»
Пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлеріне оны пайдалану жөнінде мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 2021 жылы 44,6 мың га жер аудандық жер қорына қайтарылды (облыс бойынша 106 мың га болса, Сарысу ауданы 42%-н орындады).
2022 жылы облыс бойынша 141,2 мың га жерді қайтару жоспарланған (Сарысу ауданы бойынша жоспар 0). Жоспарға қарамастан, бүгінгі таңда 4,2 мың га жер (10 шаруа қожалықтан) өз еркімен қайтарылды (4,1 мың га жайылым, 66 га суарылмайтын егістік, 9 га шабындық).
Қайта жүргізілген мониторинг нәтижесінде 64,5 мың га жер игерілмей жатқандығы анықталып («БН-Экотехнологии» – 60 мың га, «Нар» ЖШС – 2,2 мың га, «Дос-төле» ЖШС – 2 мың га, «Есет» ШҚ – 300 га), облыстық Жер ресурстарын басқару басқармасына ағымдағы жылдың мамыр айында шара қолдану үшін жолданды.
Сонымен қатар, жер мәселесінің 5 бағытынан бөлек, «Геопортал» ақпараттық жүйесіне барлығы 101 бос жер учаскелері (490 мың га) енгізіліп, жоспар 100% орындалды (аудандар бөлінісінде бірінші аяқталды).
Көркем Асқар