Сарысуда жанар-жағармай бекеттері зерделенді
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов ішкі нарықта тапшылық тудырмау мақсатында аудандағы жанар-жағармай құю бекеттеріндегі жанар-жағармай көлемін анықтады.
✅Мәселен, 13 бекетте АИ-92-нің 93 тонна қоры болса, бағасы—182 теңге.
АИ-95 — 25 тонна, бағасы —215 теңге.
Дизель отынының 5 құю бекетінде 40 тонна қоры бар, бағасы—230 теңге, талонмен сатылуда.
✅Сұйытылған газ 7 май құю бекетінде сатылуда, қор көлемі —19 тонна, сатылу бағасы —65 теңге.
❗Қайрат Тілеубайұлы кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтермеу керектігін ескертті. Аудан халқы жанар-жағармай тапшылығын тартпау үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.
✅Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі