САРЫСУДА ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Сарысу ауданында жастар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалану, оларға сапалы білім саналы тәрбие беру бағындағы жұмыстар жақсы жолға қойылған. Жастар саясатының басым бағыттары ауданда жүйелі жүзеге асуда
Бүгінгі таңда Сарысу ауданында халық саны – 44 692. Соның ішінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны — 10 447. Бұл аудан халқының 23,4% пайызын құрайды.
Жаңатас қаласында жастардың саны — 5964 (57%), ауылдық округтерде — 4483 (43%). Мектеп оқушыларының саны – 3432, ЖОО студенттері – 1500, колледж студенттері 171.
Кәсіптік техникалық білім беру мекемелеріндегі студенттер саны – 709,мектепке дейінгі білім беру орындарында еңбек ететіндер – 23, мектептерде еңбек ететіндер – 299, Кәсіптік-техникалық білім беру орындарында жұмыс жасайтындар – 6, Әскер қатарындағы жастар – 123, Келісім шарт бойынша жұмыс жасайтын сарбаз -18,
Құқық саласында жұмыс жасайтындар – 37, Медицина саласында жұмыс жасайтындар -159, ЖК, ЖШС, ҮЕҰ жұмыс жасайтындар – 209, Жұмыспен қамтуға тіркелгені – 295,қала және ауылдық округ әкімдік және әкімшілікке қарасты квази секторда еңбе ететіндер – 321, кәсіпорындарда жұмыс жасайтын жұмысшы жастар – 717, бас бостандығынан айырылғандар – 15,
Шартты бас бостандығынан айырылғандар (пробация) – 20,
Серпін бағдарламасымен оқитындар (2018-2021жж.) — 9, Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар – 528, Жалпы оқудан өтіп микрокредит пен грант алғандар – 588 (микрокредит алғандар -39, грант жеңімпаздары — 549), мүмкіндігі шектеулі жастар – 222 (1 топ -57, 2 топ — 71, 3 топ — 94 )
Жалпы жұмыссыз жастар саны еш жерде тіркелмеген – 1046. НЕЕТ санатындағы жастар саны – 7, Маргинал жастар – 32.
Жамбыл облысы мемлекеттік жастар саясаты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы ауданымызда іске асуда. Аталған бағдарлама аясында 11 (рухани-адамгершілік, спорттық, мәдени-шығармашылық, құқықтық,діни, психологиялық, экологиялық, этносаралық, әскери – патриоттық) бағыт бойынша 312 іс-шара ұйымдастырылып, 4800 жас қамтылды.
(Рухани-адамгершілік – 54 іс-шараға 701 жас қамтылды. Спорттық — 22 іс-шараға 460 жас қамтылды. Мәдени-шығармашылық — 44 іс-шараға 687 жас қамтылды. Құқықтық — 36 іс-шараға 495 жас қамтылды. Діни – 12 іс-шараға 238 жас қамтылды. Психологиялық-танымдық — 23 іс-шараға 258 жас қамтылды. Жастарға кеңес беру – 36 іс-шараға 656 жас қамтылды. Экологиялық мәдениет – 33 іс-шараға 527 жас қамтылды.
Этносаралық келісім – 13 іс-шараға 218 жас қамтылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – 24 іс-шараға 345 жас қамтылды. Әскери-патриоттық – 15 іс-шараға 215 жас қамтылды.)
Бүгінгі таңда, «Janatas jastary» мен «Біз Сарысуданбыз» атты волонтерлік қозғалысының ерікті жастары белсенді түрде жұмыстарын жүргізуде. «Тегін такси», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты қайырымдылық акциялары, сондай-ақ, «Ардагерлерді ардақтайық!», «Саулық», «Қамқор» бағыттар бойынша еріктілердің күшімен жыл басынан бері 53 іс-шара өткізілді.
Сонымен бірге, аудан жастары облыстық жарыстарға, семинарларға, білім бәсекелеріне қатысып, жүлделі орындармен марапатталған. Ауданның атқарушы билік өкілдерінің мәлімдеуінше, алдағы уақытта да жастардың білім алуына, спортпен шұғылдануына, өнер үйірмелеріне қатысуына барлық жағдайлар жасала бермек.
Аталған жұмыстарға үкіметтік емес ұйымдар да өз үлестерін қосуға ынталы. Бұл бірлігі бекем, тірлігі тындырымды ауданның берекелі істерге бейім екенін білдіреді.
Көркем Асқар