Сарысуда жыл басынан бері 604 адам тұрақты жұмыспен қамтылған

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңес алдында аудан басшысы жаңадан тағайындалған аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Сақыпбеков Жұмат Жұмабекұлын таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласындағы өзекті мәселелер және шешу жолдары» туралы мәселе қаралды.Аталған мәселеге байланысты аудан әкімдігінің Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімінің басшысы Д. Шалбаев баяндама жасады. Баяндамашы елді мекендердегі ауыз су жүйесін құрылысына күрделі және қайта жаңғырту жұмыстары, елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтар құрудың өңірлік жоспарына өзгерістер енгізу, көпқабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары, жылыту маусымына дайындық, елді мекендердің кіре беріс жолдарын жөндеу сияқты атқарылатын жұмыстардың барысындағы туындағын мәслелер мен олардың шешілу жолдарына тоқталды.Сонымен қатар, күн тәртібінде қаралған екінші мәселе «2023 жылдың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері тарапынан индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы» аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік бөлімінің басшысы Ж. Сұлтан баяндады.
2023 жылы түйінді нысаналы индикаторлар тізбесіне сәйкес барлығы 36 индикаторлық көрсеткіштер бекітіліп берілген. ІІ-ші тоқсанға орындалуы тиіс 27 индикатордың 21-і орындалған. Хабарламашы мекемелер бөлінісіндегі орындалған және орындалуға тиісті жұмыстарды айтып өтті.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Байқадам ауылдық округі әкімінің аппаратының Ережесіне сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарының зерделеу қорытындысы туралы» аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Ә. Қоянтай хабарлама жасады.
Ағымдағы жылдың 20 шілдесі күні арнайы жадынамаға сәйкес 20 тармақ бойынша Байқадам ауылдық округіне зерделеу жүргізілген. Хабарламашы атқарылған және атқарылуға тиісті жұмыстармен қатар, анықталған бірқатар кемшіліктерге тоқталды. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе «Мансап» орталығының жұмыс жоспары мен өзекті мәселелері туралы» аудандық «Мансап» орталығының директоры І. Домалақов баяндады. Үстіміздегі жылдың қаңтар-маусым айларында атаулы әлеуметтік көмек (АСП) 293 отбасына тағайындалды. 2023 жылдың 1 шілдесіне тиісті уәкілетті органда 1170 азамат жұмыссыз ретінде есепте тұр.
Жыл басынан бері 1851 азамат белсенді шаралармен қамтылды. 604 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, әлеуметтік жұмыс орындарына 76 адам жолданды. Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 55 жас маман мекеме, кәсіпорындарға жұмысқа жіберілсе, қоғамдық жұмысты ұйымдастыру бойынша 644 адам жұмысқа тартылған. 274 азамат «Бастау бизнес» оқу курсына жолдама алды.
Кәсіпкерлікті дамыту аясында қайтарымсыз грант қаражаты 43 адамға беріліп, оларға 59,2 млн. теңге төленді.
2023-2025 жылдарға арналған жастарға берілетін 2,5% жеңілдетілген микрокредит аудан бойынша 14 жастарға беру жоспарланып, бүгінде 18 азамат несие алған.
Атаулы әлеуметтік көмек (АСП) 293 отбасына тағайындалған. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сәкен Үмбетұлы сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдап, анықталған бірқатар кемшіліктерді қалыпқа келтіруді тапсырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі