САРЫСУЛЫҚ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚТЫ ҚОЛДАЙДЫ

«Тазалық – саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді. Әсіресе, қала тазалығын сақтау өте маңызды шаруа екені айтпаса да түсінікті. Тазалықты сақтау – бүгінгі күннің басты талабы мен баршаға ортақ іс. «Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекеннің айналасын тазалау, қоқыстан арылту, тал-дарақ егу жұмыстары көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстарында жастардың еңбегі зор. Осы орайда ерікті жастардың қатысуымен «Ақбұлақ» елді мекеніне тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл тұста қала тұрғындарының әрбір іске жанашырлықпен қарап, тиісті дәрежеде жауапкершілікті сезінуі керек. Өңірдің тазалығына тек тиісті мекеме қызметкерлері ғана жауапты болмай, барша тұрғын атсалысуы тиіс.  Қазақта «Ауылына қарап азаматын таны» деген жақсы сөз бар. Әрбір тұрғын көше тазалығын өз ауласынан бастап, туған жерінің көркеюіне өзіндік үлесін қоса білсе, нұр үстіне нұр. Осы тазалыққа өз үлестерін қосқан ерікті жастар мекеме тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Асылжан Шуақбайұлы,

Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-інің басшысы