САРЫСУЛЫҚ ЖАСТАР ЖАҚСЫЛЫҚТАР ЖАРШЫСЫ

Адамдарды қуанту кез – келген кезде жүрекке жылу сыйлайды.
Аудан жастары қасиетті Рамазан айында ораза ұстап, ауыз бекіткен көлік иелеріне, жолушыларға су мен құрманы тегін таратты.

Жастардың Рамазан айындағы ықыласы мен ілтипатына көлік жүргізушілері, көліктегі жолаушылар ризашылығын білдірді.
Ал, жастарымыз су мен құрма сыйлау үлкен нәрсе емес, бірақ осындай кішкентай дүниелер арқылы жүректерге жылу сыйлау, жақсылық жасауға себепші болу біздің басты мақсатымыз дейді.