Сарысулық журналистерге құрмет

«Төртінші билік» деп аталатын баспасөз өкілдерінің қоғамдағы әсері орасан зор.
Баспасөз бетіндегі мақалалар арқылы қоғамдық сана қалыптасады.

Газет белгілі бір мәселеге бұқараның назарын аударып, сол мәселе төңірегінде пікір туғызады, ұсыныс айтылады.

Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай, аудандық «Сарысу» газетінің ұжымын және баспасөз саласының ардагерлерін қабылдап, мерекемен құттықтады.
Қарымды қалам иелеріне шығармашылық табыстар тіледі.
Содан соң аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков кәсіби мереке иелеріне жылы лебізін білдірді.
Шара барысында ақпараттық саясатты іске асыруда жемісті еңбек етіп келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен баспасөз саласының ардагерлері облыс, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аудандық «Сарысу» газетінің ұжымына аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы бағалы сыйлық тарту етті.
Сондай-ақ, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Пернебай Дүйсенбин, КСРО Журналистер Одағының мүшесі Бергентай Нұрмаханов, баспасөз саласының ардагері Темірлан Әбілдаев сөз алып, жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, естеліктерімен бөлісті.
Шара барысында аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Имашев құттықтау сөз сөйлеп, «Сарысу» газеті ұжымына сый-сияпат табыс етті.
Өз кезегінде «Сарысу» газеті редакциясы» ЖШС-нің директоры – бас редакторы Жанна Жетенова газет ұжымына қолдау білдіріп жүрген аудан басшылығына ризашылығын білдірді.

Сарысу ауданы