САРЫСУЛЫҚТАР ЕЛ АНАСЫН ҚУАНА ҚАРСЫ АЛДЫ

Бүгін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас редакторы Мешітбаева Сәуле Мешітбайқызы «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» экспедициясы аясында Сарысу ауданына болды.

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтың арнайы қабылдауында болып, ауданның бүгінгі ахуалымен, ел – жұрттың тыныс тіршілігімен танысты.

Сәуле Мешітбайқызы халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің «AMANAT» партиясы, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты және «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен экспедициясының биыл «Ел аманаты: «Ауыл – ел бесігі» деген атаумен жалғасын тапқанын айтты. Аудан халқына, ауданда атқарылып жатқан игі істерге, ел иігілігі үшін қызмет атқарып жүрген басшыларға ризашылығын білдірді.
Бұдан кейін аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында аудандағы мекеме басшыларымен, білім беру ұйымдарының, кітапхана, мәдениет үйінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында «Qazaqstan dauiri» газеті редакциясының бастамасымен жарыққа шыққан «Намыс қайрағы», «Ұлт шырағы» атты жаңа кітаптарды аудандық кітапханаға тарту етті.
Арнайы дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі