САРЫСУЛЫҚТАР ҚОСТАНАЙМЕН БІРГЕ!

Қостанай өңіріндегі орын алған өрт баршамыздың қабырғамызды қайыстырып, уайымға салды. Осы орайда, «Amanat» партия Сарысу аудандық филиалында гуманитарлық көмек жинау пункті ашылған болатын.

Аудан жұршылығының, түрлі еңбек ұжымдарының, кәсіпкерлердің, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен Қостанай өңіріне 3 тоннаға жуық азық-түлік, гигиеналық заттар мен қыстық киім-кешек жиналып, облыстық гуманитарлық жинау пунктіне жеткізілді.

Игі іске белсене араласқан жандарға алғысымыз шексіз. Қостанай өңірінің жұртшылығына амандық тілейміз!

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі