Сарысу ауданының әкімі М.Сұлтанғалиев Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру мақсатында аудан жастарымен кездесті.
Кездесуде мәслихат хатшысы А.Сейналиев модератор болып, аудан әкімі мен жастар еркін форматта пікір алмасып, жастарды толғандыратын мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті.
Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Самат Тоқбанов жастармен атқарылған шараларға тоқталып, Жолдауды аудан жастарының қолдайтынын жеткізді.
Ауданның белсенді жастары сөз алып, мемлекеттен көрсетілген қолдауларға тоқталып, жеке кәсіп ашу, грант алу мәселерінің өзектілігін айтты.