САРЫСУЛЫҚТАР САБЫН ДА ШЫҒАРАДЫ
Сарысу ауданында жеке кәсіпкер Мөлдір Жаппарова 2019 жылдан бастап халық арасында «кір сабын» аталып кеткен тұрмыстық сабын шығаруды бастады.
Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев жеке кәсіпкер «Жаппарова» шаруашылық сабынын шығаратын цехты көріп, жұмысымен танысты.
Цех тапсырыс бойынша бір қалыпты жұмыс жасауда күніне 200-300 дана шығаратынын және бағаларын аудан халқына тиімді 60-70 теңгеден сатуда.
Алдағы уақытта кәсіпкер цехты ұлғайту жоспарда екенін айта кетті.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкер: — Жалпы кір сабын шығару туралы идея ойымнан шықпай қойды. Алғашында негізгі жұмысымнан өзге қарап жатпай, қосымша табыс тапсам деген ой маза бермей жүрді. Осылайша іздене бастадым. Интернеттен қандай тауарға сұраныстың бар екендігін іздеп, кір сабын шығару идеясына тоқтадым. Оның бірнеше себебі де бар. Біріншіден, бізде тұрмыстық сабын шығаратын адамдар жоқтың қасы,-екендігін де жасырмады.
Аудан басшысы кәсіпкердің ойы мен пікірін тыңдап, ісіне береке, сәттілік тіледі.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы