СӘУЛЕ ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ САЯБАҚ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Сәуле шағын ауданындағы саябақтың құрылыс жұмыстарымен танысты.
Саябақтың құрылыс жұмысы осы жылдың шілде айында басталды. Бүгінде құрылыс өндірістік кестеге сәйкес атқарылуда. Өрнек тастар (5400 м2) салынып, аяқ жолдар мен вело жолдар төселінді. Сондай-ақ аққайын, үйеңкі, акация және қылқан жапырақтар отырғызылды. Оған қоса, автотұрақтың асфальтбетон жабындысы төселініп, қоршаулары орнатылды. Қазіргі уақытта түнгі жарық шамдарын құру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, футбол, баскетбол, балалар алаңшалары және воркаут алаңшалары салынған. Алдағы уақытта қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында жаяу жүргіншілер жолы мен орындықтар, қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылады. Демалыс орнын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Нысанның құрылыс барысымен танысқан қала басшысы жауаптыларға халық тынығатын орын болғандықтан, саябақтың құрылысы сапалы жүргізіліп, көркі көпшілік тамсанарлықтай болу керектігін жеткізді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі