САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ ИБАТА ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекеніне табиғи газ берілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдегі тағы бір «сақалды құрылыс» аяқталды.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды құттықтап, аудан инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жоспарға сай жүзеге асатынын атап өтті.
Бүгінде Ибата елді мекенінде 1891 отбасы табиғи газға қосылуға мүмкіндік алды. «Көгілдір отынды» жеткізу үшін 99,279 шақырымға газ құбыры жүргізілді. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталып, 2020 жылы аяқталған болатын. Газ өткізу жұмыстары мемлекеттік жеке әріптестік есебінен жүргізілген.
Газға жауапты мамандар ауыл тұрғындарына газ қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі