Сауран көшесі 18 маусымға дейін жартылай жабылды
Жүргізушілерге маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Жол желісін орташа жөндеу аясында Сауран көшесінде Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған байланысты 13-18 маусым аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған. «Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек», — делінген хабарламада.