САУРАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АЙЫНА 100 АДАМҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда барлық азаматқа қолайлы жағдай, жайлы инфрақұрылым жасақтауды тапсырған болатын. Осы орайда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына іссапармен барып, өңірдегі маңызды әлеуметтік жобалардың бірі – «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің жұмысымен танысты. Бұл орталық 2023 жылы пайдалануға беріліп, халыққа әлеуметтік қолдау көрсету бағытында белсенді қызмет атқаруда.
✔️Ғимарат алаңы – 750 метр. Сауықтыру орталығының айына 100 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Күнделікті 25 адамға қызмет көрсетіледі, ал курстардың ұзақтығы екі айды құрайды. Бұл мекемеде 20 адам тұрақты жұмыс істеп, тұрғындарға түрлі әлеуметтік қызметтер ұсынады.
✔️Орталықтың қызмет көрсету аясы кең. Мұнда әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де қызмет түрлері көрсетіледі. Әлеуметтік қызметтер тұрғындардың өмір сапасын көтеріп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, сондай-ақ психологиялық және құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған.
📌Өңір басшысы Нұралхан Көшеров әлеуметтік қолдау көрсету саласындағы қызметтің маңызын атап өтті. Орталықтың қызметкерлері мен басшылығына халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстары үшін алғыс айтты. Көмек алушылармен кездесіп, жағдайларын сұрады.
📌Айта кетейік, облыста осындай әлеуметтік жобалар арқылы мұқтаж азаматтарға, зейнеткерлер мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына үлкен көмек көрсетілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі