Саяси сайқалдар мен еліне жаны ашымайтын «жепутаттарға» оқуға рұхсат етілмеген мақала…
ЕСКЕРТУ: — Ақыл — есі кем, қазақша білмейтін, «қосжынысты» және «қос мекенді» адамдарға, саяси сайқалдар мен еліне жаны ашымайтын «жепутаттарға», парақор мен ұры- қарыларға оқуға рұхсат етілмеген мақала!!!
ОН ҮШТЕГі ОТАУ ИЕСІ немесе ОТЫЗДАҒЫ СҮР БОЙДАҚ…
Гей — клубтар мен гендерлік саясаттың жемісі ме болмаса өте ақылды «зиялылардың» қолдауынан ба, елімізде «БОЙДАҚТАР САЛЫҒЫН» кіргізу туралы сөз болған еді. Ыңғи себебімен емес, салдарынан күресіп жүрген адамдарға ой тастау үшін қолыма қалам алдым. (Бороться надо не с последствиями, а с причинами)…Демографиялық жағдай ешқашан да салықпен шешілмеген екен!!!
— Атамыз ҚАЗАҚ: — Он үште отау иесі, — дегенді бекер айтпаса керек. Бірақ, ол сөздің қадірі мен қасиеті бұл күнде жоғалғанға ұқсайды. Оның бірнеше себептері бар.
— Біріншіден — әлеуметтік мәселе мен баспана, екіншіден-тәрбие мен идеалогия, үшіншіден — от -басы туралы заңнын жоқтығы…Жас от -басында не баспана, не тұрақты жұмысы жоқ болса, ол қалай бала сүйеді. Қазір Қазақтарда өсім жоқ екендігін статистика да, басқасы да айтып отыр. Жас от — басында ажырасудың көптігі соншама, айтуға ауыз бармайды. Енді, екі жүз мыңнан астам қазақ қыздары «КӘРІ ҚЫЗ» атануына не себеп деген табиғи сұрақ туындайды… Отыздан асқан сүр бойдақтарды салықпен қорқытып үйлендіре алмаймыз ғой!!! Қазақтың саны өспей, басқасы да өспейді.
— Кеңестер Одағы кезінде бір ауылда отыздан аса БАТЫР -АНА болса, қазір бір батыр -ана таба алмай қор болып отырмыз!!! Себебі,жаңа туған балаларға көрсетілетін әлеуметтік жәрдемақы түкке тұрғысыз. Мемлекеттің басты капиталы — сол мемлекеттің адамы,- десек, ойланатын уақыт келген сияқты…!
Сіздің ойыңыз қандай, Достым?!!!
P.S. Қысқа жазамын, — деп, ойымды жеткізе алмасам, кешіріммен қараңыздар!!!