Саяси тұрақтылық – кемел келешек кепілі    

 

   Мемлекетіміздің бірден бір саясаты – саяси ахуалдың тұрақтылығы екені даусыз. Себебі тұрақтылық болмай тірлік оңға баспайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жуырдағы Жолдауында дәл осы саяси тұрақтылық мәселесіне айрықша басымдық берді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да сарабдал саясаты осыны әркез меңзеді. Сондықтан Жамбыл облысында аудандардың өзінде саяси хуалдың тұрақтылығына ерекше көңіл бөлінеді.

     Мәселен Т.Рысқұлов  ауданында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. 20 Үкіметтік емес ұйым, 4 этномәдени орталық жұмыс атқарады. Жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұлтаралық және конфессияаралық достықты нығайтуға қаржы бөлініп, оларға қолдау, демеу көрсетіліп келеді. Ауданда қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда белгілі рөл атқаратын 2 саяси партияның филиалдары жұмыс істеуде. Олар «Нұр Отан» (5401) мен  «Ауыл»(80) партиялары.

Аудандағы  ұлттар мен ұлыстардың өзара татулығы мен бірлігі, ынтымағы кезектен тыс өткізілген Президент сайлауында айқын көрініс тапты. 2019 жылы  маусымның 9-ында Президент сайлауында аудан жұртшылығы  азаматтық парыздары мен конституциялық құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасады, 7 кандидаттың ішінен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс берді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2-қыркүйектегі халыққа алғашқы Жолдауындағы көтерілген мәселелердің баршасы көпшілік  тарапынан кең қолдау табуда.

Себебі Жолдау алдағы бағытымызды айқындап ғана қоймайғ келер күнге зор үмітпен қарауға мүмкіндік туғызды. Елбасының сарабдал саясатының сабақтастығы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы бұқара жүрегінен орын тапты. Әсіресе мұғалімдердің мәртебесін көтеру, айлық жалақысын өсіру, мәдениет саласы қызметкерлеріне көңіл бөлу сынды бастамалары бас бармақпен бағалауға тұрарлық. Дәл сондай зейнетақының бір бөлігін денсаулығыңды емдетуге немесе пәтер алуға жұмсау туралы тың бастамасы да көптің көкейіндегісін дөп басты.

Сондықтан Тұрар Рысқұлов ауданы еңбеккерлері берекелі тірлігімен, әлі де  ауданның әлеуетін арттырып, экономикасының өсуіне үлес қосатынына сенім  мол. Бұл тұрғыда құландықтардың әркез шоқтығы биік.

 

Дедек Төлен