Сел қаупі бар учаскелерді анықтау бойынша атқарылған жұмыс

2020 жылғы 17 маусымда Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы «Қазселденқорғау» ММ және «Ақсу» МКК Су шаруашылығының қызметкерлерімен бірлесіп, Сайрам ауданы аумағындағы сел, сырғыма қауіпті учаскелерді анықтау үшін рейдтік жұмыстар жүргізді.

 

 

Сонымен қатар, рейдтік жұмыстар жүргізу барысында аудан аумағында сырғыма қауіпті учаскелер анықталмады. Алайда, сел қауіпті 7 учаскелер анықталды. Сел қауіпті учаскелерге жоғарыда көрсетілген мекемелердің мамандарымен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, визуалды акт түзілді. Сел қауіпті учаскелер аумағында «Ақсу» МКК су шаруашылығына қарасты 2 су реттегіш бекеттері (Жоғарғы Ақсу және Орта Ақсу) орналасқан. Бекеттерді көру барысында «Ақсу» МКК су шаруашылығы қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілік атқарып, бір-біріне жақын арақашықтықта орналасқан 7 сел қауіпті учаскелер аумағына толықтай бақылау жүргізе алатындығы анықталды. Қазіргі таңда су реттегіш бекеттерінде су реттегіш құрылғылары жарамды күйде екені белгілі болды.

 

Түркістан облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы