Семейдегі көпірді жапондар жөндейді
Семейдегі аспалы көпірді жөндеуге жапон мамандары көмектеседі деп хабарлады elana.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Нысанды тексерген шетелдік инженерлердің айтуынша, көлік өткеліндегі 90 метрлік бағаналарды жалғайтын арқандар тозған. Енді оның сырты суға төзімді материалмен қапталады. Көпірдің асфальт жабындысын да жаңалау керек.
Абай облысының әкімдігі қазір стратегиялық нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеп жатыр.
«Жақында жапон делегациясы келді. Олар көпірді өз технологияларымен, материалдарымен жөндеуге ниет білдіріп отыр. Біз де осыған мүдделіміз. Бұл нысанды салған жапон мамандары салғандықтан, көлік өткелін олардан артық ешкім білмейді», – Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.
Айта кетейік, 2000 жылы салынған аспалы көпірге одан кейін жөндеу жүргізілмеген.