СЕМИНАР

ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА ЖӘНЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының қызметкерлерімен Агенттік төрағасымен бекітілген мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау мақсатында онлайн форматта семинар-кеңес өткізілді.

Кездесуге жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына қатысты мониторинг қорытындыларын таныстыру және олар бойынша тиісті ұсынымдар енгізу.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес икемді жұмыс кестесін және қашықтықтан жұмыс жасау мүмкіндіктерін қолдану бойынша түсіндірмелер берілді.

Шара барысында қатысушылардың тарапынан туындаған сұрақтарға толыққанды жауап қайтарылды.