Семинар тренинг өтті

«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапхананың «Coworking» залында мемлекеттік бағдарламалар, уақытша бос жүрген (NEET) жастармен жұмысты үйлестіру, құжат айналымдары мен ерікті жастармен жұмыс жүргізу бойынша біліктілік талаптарын арттыру мақсатында оқыту-семинары өтті.

Оқу барысында семинарға қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарына толық жауаптар алды.

Алдағы уақытта жастар ісі жөніндегі инспекторлар семинарда алған білімдерін жұмыс барысында пайдаланатын болады.

«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалы