СЕН ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН СОҢ…

Өлген соң, денең үшін алаңдама… Туыстарың қажеттің бәрін жасайды.
— Олар сенің киіміңді шешеді;
— Олар сені жуады;
— Олар саған жаңа киіміңді киіндіреді;
— Олар сенің жаназа намазыңды оқиды;
— Олар сені үйден шығарып, жаңа мекен-жайыңа апарады.
Жаназаңа қоштасуға көп адам келеді.
Кейбіреулер тіпті жоспарларын өзгертіп, жерлеу рәсіміне қатысу үшін жұмыстарынан уақытша сұранып, алыс жерлерден келеді.
— Сенің киген киімдерің басқаларға береді, садақаға береді және өртейді.
— Сенің кілттерің, құралдарың, кітаптарың, ойындарың, коллекцияларың, бәрі жойылып басқа адамдарға тиесілі болады …
— Сенсіз әлем тоқтап қалмайды, сен үшін жыламайды дегенге сенімді бол. Әлемдік экономика қалыпты дамуын жалғастыра береді …
— Сенің жұмыс орныңа басқа біреу келіп отырады. Мүмкін сенен жақсы, сенен жаман немесе бәріңнен біліктілігі мықты біреу келіп отырады.
— Мүлкің, заттарың мұрагерлерің ауысады. Өзің туралы, және сенің өмірде жасаған істерің үлкенді-кішілі болсын мейлі бәрі айтылып, бағаланып, сыналатыны сөзсіз.
— Сені білетіндердің бәрі «Марқұм» деп айтатын болады.
— Сенің жақындарың, жақсы достарың бірнеше сағат, бірнеше күндер бойы жылайтын болар, бірақ бәрібір олар қайтадан күледі.
— Сенің үйдегі мал, жануарларың жаңа иелеріне үйренеді.
-Суреттерің біраз уақыт қабырғаға, сосын жиһазға ілінеді, содан кейін тартпада сақталады. Басқа біреу сенің диваныңа отырып теледидар көреді, ал басқа біреу үстеліңе отырып тамақ ішеді.
— Сенің өз отбасыңдағы ең ауыр қайғы — бір апта, бір ай, екі ай, бір жыл, екі жыл немесе үш …
Сосын сен естеліктерге қосыласың және сенің тарихың адамдар арасында да аяқталады, бұл дүниеде аяқталады, бірақ сенің тарихың жаңа ақиқатта басталады … өлгеннен кейінгі өмірің басталады.
Сенің денеңді қимылдатып, қолыңды қозғалтып, бір нәрсе үшін еңбек етіп, оны бағалап келген жердегі өмірің осылай мағынасын жоғалтып аяқталады.
ЖОҒАЛАТЫН:
-денеңнің сұлулығы;
— есімің;
-тегің;
— мүлкің;
— несиелерің;
— жұмыс орның;
— банктегі шотың;
— көліктерің;
— үйің;
— ғылыми дәрежең;
— достарың; facebook, Instagram ….
— жынысың (еркек\ әйел);
— балаларың;
— отбасың …
Жаңа өміріңде саған қажет нәрсе — тірідегі АМАЛДАРЫҢ ғана. Сенде бар жалғыз қасиет — ІЗГІ АМАЛ ғана болады.
Тірлігіңде өміріңді толық бақытты өткізуге тырыс, өйткені:
«Сен бұл жақтан өзіңде барды әкете алмайсың. Бергеніңді ғана аласың!»
Көзіміз тірісінде бір-бірімізге мейірімді болайықшы!..