Сен қазақ әйелсің!
— Жас келіндер қара шаңырақтың немесе ақсақалы бар үйдің төріне шықпайды.
— Әйел адам орындықта отырғанда аяғын айқастырмайды.
— Әйел адам көп алдында керілмейді.
— Бұрынғы кезде жас келіндер таңертең ерте тұрып, ауылдағы үлкен үйлердің түндігін ашқан.
— Келіндер келін болып түскен жердегі адамдардың атын атамайды.
— Қайнылары мен қайын сіңлілеріне өзі жеке ат қояды.
— Халық дәстүрінде ер адам шашын өсірмейді, әйел шашын қимайды.
— Жүкті әйелге күлу – әдепсіздік.
— Аса бір тығыз шаруасы болмаса әйелдер отырған жерге ерлер, ерлер отырған жерге әйелдер кірмейді.
— Қазақ дәстүрінде туыстығы жоқ ер мен әйел оңаша отырмайды.
— Келіндер қайын жұртының үлкен адамдарына иіліп сәлем жасаған.
— Бала ата-ананың, келін ененің сөзін екі етпейді.
— Қазақ әйелдері еркектер отырған жаққа көз салмайды.
— Әйелдер жолаушының, еркектің алдын кесіп өтпейді.
— Қазақ әйелдері кісіге қарсы қарап отырмай, бір қырындап отырған.
— Қазақ әйелдері күйеуінің атын атамаған және оның айтқандарын мүлтіксіз орындап, бетіне қарсы келмеген.
— Қызы босанғанда шешесі кәдесін алып баруға міндетті.
— Қазақ әдетінде әйел мал бауыздамайды. Қиын жағдайда кішкентай да болса еркек баланың қолына пышақты ұстатып бауыздайды.
— Әйел дұғаны ішінен оқиды.
— Ақсақал, ата-ене, қайнаға алдында келін дауыс көтеріп сөйлемейді.
— Әйел ерте тұрады.
— Әйелге ер адам атқаратын міндеттер жүктелмейді.
— Әйел адам кісі бетіне, әсіресе бейтаныс адамға бажырайып қарай бермейді.
— Жүкті әйел ауыр көтермейді.
— Тұрмысқа шыққан әйел жалаңбас жүрмейді.
— Бала емізіп отырған әйел, омырауын басқаға көрсетпейді.
Дереккөз: Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті
Гүлшат Сейітмағанбетованың Фейсбук парақшасынан