Сенатор Сарысу ауданында
Бүгін ҚР Парламент Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Сарысу ауданына жұмыс сапарымен келді. Сенатор аудан әкімі Сәкен Мамытов, әкім орынбасары Қайрат Аманов және жауапты бөлім басшыларымен аудандағы құрылыс нысандары мен орталық қазандық жұмыстарын аралап, сапасы мен уақытына баса назар аудару қажеттігін айтты.
Жұмыс сапарын Шоқпар жел электр станциясынан бастап, жобаның аудан халқы үшін маңыздылығына тоқталды. Жобаның қуаты 100 МВт-ты құрайды. Жел трубиналардың саны 22 бірлік. Шамамен 140 млн АҚШ долларға инвестиция тартылып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 200 адам тартылып, пайдалану кезінде 20 адам жұмыс атқарады.
Бекболат Орынбекұлы Жаңатас қаласындағы «Құрылыс алқабына» су, газ және электр жүйелерін тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, мердігердің жыл аяғына дейін жұмысты сапалы аяқтап, уақытылы өткізуін қадағалауды тапсырды.
Сенат депутаты орталық қазандықты газ жүйесіне ауыстыру бойынша негізгі жұмыстармен танысты. Жалпы жоба құны 4,2 млрд теңге, сонымен қатар, өзекті мәселелердің бірі «Жаңатас су жылу» мекемесінің дебиторлық және кредиторлық қарыздарын тез арада шешу жолдарын айтып, тиісті тапсырма берді.
Сапар барысында Жаңатас қаласында қайта жөңдеуден өтіп жатқан 1-ші шағын аудандағы 44-ші үйдегі құрылыс жұмыстарымен танысып, моноқаланы дамытуда маңызы жоғары жобаның сапалы аяқталуын, пәтер кілтін тапсыруды жүйелі жүзеге асыруды тапсырды. Аудан бойынша 1576 азамат пәтер кезегіне тіркелген.
«ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нің кешеніне тартылып жатқан жоғары қысымды газ құбырының құрылыс жұмыстарымен танысқан Бекболат Серікбекұлы бас мердігер «Stroy Gaz Company» ЖШС-нің жұмыстарына оң бағасын беріп, аудан халқы үшін жобаның маңызы жоғары екенін айтты.
Сенат депутаты Бекболат Орынбеков аудан әкімі С.Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков және аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен жиын өткізіп, бірге атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тілеп, пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі