СЕНАТОРЛАР САЙРАМ АУДАНЫН АРАЛАДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Санатының депутаттары Әли Бектаев, Дархан Қыдырәлі, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатвалдиевтер Сайрам ауданына арнайы келді.
Іссапар барысында сенаторлар Ақсукент ауылдық округінде орналасқан «Zaure Group» ЖШС-нің жұмысымен танысты.
Одан кейін халық қалаулылары аудан тұрғындары мен зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, Парламент Санатында қабылданып және өзгерістер енгізіліп жатқан заңдар жайында, жүзеге асырылып жатқан реформалар, өткізіліп жатқан сайлаулардың маңыздылығы мен мәні жайында сөз етті. Өз кезегінде аудан тұрғындары, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі