Сенатормен кездесу өтті

Кеше елордамызда Қалалық мәслихатта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Нұрғалиқызының Астана қаласы мәслихатының төрағасымен және Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларымен кездесуі өтті. Бұл туралы Астана қаласы Мәслихатының ресми сайты хабарлады.

Бибігүл Жексенбай өз сөзінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде атқарылған жұмыстың нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының заң жобалау жұмысының нәтижелері туралы айтып, мәслихат депутаттарының осы қызметтегі маңызды рөлін атап өтті.

Депутат елорда өміріндегі республикалық деңгейде шешуді талап ететін негізгі проблемалық мәселелерді талқылауды ұсынды, оларды қолдауға және оларды шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Азамат Айтхожин кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін онлайн-сатуды реттейтін заңнамалық нормалардың болмауы проблемасын айтты.

Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов депутаттың сөздерін қолдап, Қазақстанда кәмелетке толмағандарды әлеуметтік желілерде тіркеу бойынша шектеулер жоқ екенін хабарлады.

Депутат Кендебай Адамбек орталық деңгейде Индустриялық парк пен ішкі туризмнің дамуына назар аударуды сұрады.

Сондай-ақ, кездесу барысында жедел медициналық көмектің өзекті мәселелері көтерілді: шақыруларда жұмыс істейтін автомашиналардың, станциялардың және персоналдың жетіспеушілігі, жедел жәрдем шақыруларының көптігі және медициналық көмек көрсетудің төмен тарифтері. Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов қаланың әрбір шағын ауданында бір ғимаратта орналасқан бірыңғай жедел қызмет орталықтарын ашуды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына бірлесіп бару, сондай-ақ мүлік иелері бірлестіктерінің мәселелері бойынша кездесу өткізу туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, Астана қаласының мәслихаты орталық деңгейде шешімдерді талап ететін ұсыныстар дайындайды, олар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбайдың атына жіберілетін болады.

Дайындаған: Ерқазы Айтмұхаммедұлы