Сенатта» Бұқаралық ақпарат өұралдары мен әлеуметтік желілердің мемлекеттік идиологияны қалыптастырудағы орны» дөңгелек үстел өтті
Қазіргі таңда қоғамдық сана мен азаматтық ортаны қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің орны ерекше. Ақпарат секунд сайын еселеп көбейіп жатқан әлемдегі жалғыз өнім деуге болады. Мұндай үлкен көлемдегі өнімдерді тұтыну барысында ақпараттық гигиена мен ақпараттық иммунитет қалыптасқан жөн. Себебі, мұнда психологияны бұзатын да, әлеуметтік ортаны да өзгертіп, тіпті ұлттық, мемлекетке де қауіп тудыратын контенттер болатыны айтылып жүр.
Гибридтік соғыстар заманында мемлекетті жаулап алғысы келсе, оған қарсы қарулы қақтығыстардан гөрі ақпараттық идеологиялық саясат арқылы өз құндылықтарын насихаттап, жаулап алу қиын емес.
‼️Француз қолбасшысы Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газетің болсын» деген сөзінің өзі ақпараттық құралдардың сол заманнан бері рөлі орасан зор екеніне көз жеткізуге болады.
Бүгін Сенатта «Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің мемлекеттік идеологияны қалыптастырудағы орны» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту» туралы жарлыққа қол қойған болатын. Доктрина халқымыз бен еліміздің идеологиялық дамуын қамтамасыз етуді, елді ұйыстыруға және заман ағымына бейімделген ақпараттық саясатты құруды көздейді.
Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу үшін барлық БАҚ өкілдері мен тиісті органдар бірлесе тізе қосып жұмыс істеп жатқандығын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Darhan Qydyráli толыққанды баяндады.
Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыс кешенді жүргізіліп, бүкіл қоғам жұмылдырылуы керек деп ойлаймын.
Халқымыздың саны арғысын айтпағанда, көрші алпауыт мемлекеттердің бір қаласының тұрғынындай болып отыр. Қазіргідей технологиялар дамыған заманда бар-жоғы 19 млнның санасын улап, небір теріс пиғылды тықпалай салу қиын болмасы анық. Смартфонмен туған ұрпақтың миын басқару тіпті оңай.
Қазіргі таңда жанымызға қанша батса да дәстүрлі медианы әлеуметтік желілер тықсырып бара жатқанын мойындауға тиіспіз. Қазір дәстүрлі медиаға деген балалардың қызығушылығы қала тұрмақ, ауылдарда да төмендеп барады. Бұл әлемдік тенденция. Әлеуметтік медиа буыны қатпаған балалардың санасын жаулап алған.
Олар тіпті бұрынғы кездегідей ғарышкер, ғалым, журналист, әртіс болуды армандап, идеал тұтпай, керісінше, A4, ГЛЕНТ, Lesha Maisak, Компот
Дима Масленников сияқты атақты жаңа медианың өкілдерін кумир тұтады. Бұл аса қауіпті.
Яғни тек дәстүрлі , бұқаралық ақпарат құралдарына ғана емес, жаңа медиаға барынша назар аударатын уақыт жетті. Көрші елдер өз әлеуметтік желілерін дамытып жатыр. Қазақстанда бар желілерде мемлекеттік тілдегі сапалы контент мардымсыз.
Біз балалардың, әсіресе жасөспірімдер қызығушылығы мен сұранысын зерделеу арқылы ұлттық құндылықтарымыз мен мемлекеттік мүддеге сай контент фабрикасын жасау уақыт күттірмейтін міндет.
‼️Елімізде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз үшін бұл салаға бөлінетін қаражат мөлшерін қайта қарап, көбейтуді ойластыруымыз керек. Ауруды емдеуден гөрі, алдын алған тиімді екені ақиқат.
Аса маңызды тағы бір мәселе — БАҚ пен жаңа медиадағы құмар ойындар, энергетикалық сусындар, электронды шылым тб халыққа аса зиянды өнімдерді жарнамалауға шектеуді заң жүзінде реттеу қажет.
Әрине, жарнама табысы БАҚ — ды асырап отырғаны анық. Алайда, ұлт денсаулығы мен санасына кері әсер беретін өнім мемлекет үшін қауіпті.
Бұл бағытта арнайы заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді де қарастыратын боламыз.
Бибігүл Жексенбайдың фб парақшасынан