СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Ауданда көктемдегі санитарлық тазалықтың екі айлығы жүріп жатыр.
Әр сенбілік сайын аудандағы мекеме ұжымдары мен тұрғындар аулаларды, белгіленген аумақтарды күл-қоқыстан тазартып, ағаштарды ақтап, арық атыздарды тазартып, сырлау, тал отырғызу жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінгі өткен сенбілікке 900-ге тарта адам, 80-нен аса мекемелер және кәсіпорындар қатысты. 9,6 тонна күл-қоқыс шығарылып, 17,4 гектар аумақ, 11,0 шақырым арық тазаланды.