Сенбілік жұмыстары жүргізілді

“Тазалық – табалдырықтан басталады” демекші, қор­шаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің қызметкерлері бүгінде сенбілікте ерекше белсенділік танытуда.
Қоршаған ортаны абаттандыруға жанашырлық танытып, апта сайын өткізілетін сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортамызды аздырмай, қолдан келгенше көркейтіп көгалдандыру. Қашанда халық үшін өз тұрған жері– руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі, береке-байлықтың бастауы. Табиғатынан қуаттанған әрбір азамат өз ауласын таза ұстап, қадірлеуі тиіс.