Сені бағалайтын жерде бол!

Әкесі қартайған шағында баласына ескі сағатын беріп отырып: «Мына сағатты атаңа атасы берген. Екі жүз жыл тарихы бар. Сен осыны зергерге апарып, құнын сұрашы» дейді. Баласы зыр жүгіріп барып келеді. «Әке, зергер сағатты ескі деп, 150 доллар ғана ұсынды» дейді. «Олай болса, ломбардқа барып көр». Ол жаққа да барған баласы әкесіне: «Ломбард бар-жоғы 10 доллар ғана беруге дайын» дейді. Әкесі сосын: «Сен енді мұражайға апарып көрші» дейді.
Баласы сәлден соң мәз боп келіп: «Мұражай кураторы 15 000 долларға сұрап тұр. Бұл нағыз тарихи жәдігер деп қызығушылық танытты» дейді. Сонда әкесі: «Көрдің бе, балам. Бір затты әркім әртүрлі бағалайды. Қайда жүрсең де сені бағалайтын жерде жүруге тырыс. Дұрыс жер сені дұрыс бағалай алады. Өзің де бағалы бол. Сені бағаламайтын жерден ат-тоныңды ала қаш. Сені бағаламай жатса, ренжіме» деп өсиетін қалдырған екен.
Ал сіз өзіңізді бағалайтын жердесіз бе? Бағалауға лайықсыз ба?