СЕНІ КЕДЕЙ ЕТЕТІН ӘДЕТТЕР

ӘДЕТ 1
Кедей адам алдымен өз пайдасын ойлайды. Олар жаңа нәрсе білгісі келмейді. Болашағы бар іспен айналысқысы келмейді, ондайды ойламайды да. Дәл қазір, ақша, немесе пайда жоқ болса қажетсінбейді.
Біздің кедей болуымыздың басты себебі осы ма деп ойлаймын?!
ӘДЕТ 2:
Кедей адам әрқашан біреуді кінәлайды. Олар ешқашан жауапкершілікті өзіне алмайды. Керісінше, ол сәтсіздікке өзінің ұжымын, бастығын немесе әлеуметтік жүйені кінәлайды. Олар «егер ол араласпаса, мен оны жасар едім»,«Мен жетістікке жете алмадым, өйткені олардың барлығы кедергі болады»,-деп өз әрекетсіздігін басқаларға жабады.
3-ӘДЕТ:
Қолына алған істі үнемі кешіктіреді. Ол «жеті өлшеп, бір кес» деген ақылды ұстанбақ болады. Ойланады, өлшейді… уақыт өтіп жатыр… ақыр соңында біреу келіп оның жұмысының жартысын атқарады.
Алғашқы қадамды жасаған және тәуекелден қорықпаған адам жеңеді. Өз идеяларын «қалтасына» сақтайтын адам емес, оны жүзеге асыратын адам жеңеді.
4-ӘДЕТ:
Кедей ойламы бар адам тәуекелді ұнатпайды, әрекет жасамайды. Ол аса көп болмаса да, тұрақты табысты артық санайды. Ақыры, жалақыдан жалақы арасында ғана өмір сүреді.
5-ӘДЕТ:
Кедей ойламы бар адам бірінші кезекте ақысыз тренингтер мен семинарлар сияқты нәрселерге барады. Нәтижесі — үйреніп жатқан түр көрсеткен елес ғана, ал іс жүзінде оның ешқандай дамуы жоқ. Табысқа жету үшін ұстазбен тікелей байланыс жасаумен қатар нақты мақсаттар мен әрекеттер қажет. Оқу құны — бұл болашақ сәттіліктің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар сіздің мотивацияңыздың бағасы.
6 ӘДЕТ:
Кедей адамдар басқалардың есебінен өмір сүргенді ұнатады. Олар өзгенің жұмысын бағаламайды. Олардың философиясы — ақысыз өнімдер мен қызметтерді алу мүмкіндіктерін іздеу. Ұрлау, біреудің зияткерлік меншігіне қол салу адамды ешқашан кедейліктен шығармайды.
ӘДЕТ 7:
Өзін үнемі аяйды. Олар көбінесе мәселені өмір сүрген ортасы, білімінің төмендігімен, кедей отбасында туылуымен, өзінің дене бітімі, тіптен туған Отанын менсінбеу т.б. Осылай ондаған себептермен өзіне-өзі жаны ашып жүреді …
ӘДЕТ 8:
Шындығында, ақшаның жетіспеушілігі — жағымсыз эмоциялардың себебі болмақ. Бай адамдар кедейлерден басқаша қарайды. Олар сәтсіздікті мақсатына жетуге бағытталған тағы бір қадам деп санайды. Байларр өздерін аялап, өзіне жаны ашуды білмейді. Байлар бәрі ойлағанындай бола бермейтінін де түсінеді.
9 ӘДЕТ:
Кедей адам үшін басқаларың өзі туралы не ойлайтыны өте маңызды.
Ал табысты адамдар өздерінің тәуелсіздігін бағалайды. Олар үшін басқалардың пікірі маңызды емес. Ал кедейлер өз уақыттары мен күш-қуатының көп бөлігін өзгелердің алдында беделін сақтауға жұмсайды. Олар өздерін табысты және қуатты адамдармен салыстырады, ал ол салыстыруы әлбетте ренішке жетелейді.
Амантай Тойшыбайұлы фейсбук парақшасынан