ШАҒЫМДАНҒЫШ АДАМДАРҒА БАҚ ҚОНБАЙДЫ…

Бұрында өмір ұстазына айналған керемет ұста болған екен. Жыл сайын ұстаның шәкірттері кәсіп үйреніп, өз істерін ашып, табысқа жететін көрінеді.

Күндердің бір күнінде ұстаның достарының біреуі — өз ұлын ертіп келіп, ұстаға шәкірт етіп тастайды.

Жаңа шәкірт ешбір нәрсеге көңілі толмайтын, жылаңқы біреу екен.
Ағашқа жіберсең, қолдарына батқан шөгірді айтып қыңқылдайды. Бір жұмыспен қалаға шықса, қайтқанға дейін жолдың қандай жаман болғанын, күннің қандай ыстық болғанын, алушының қандай қырсық болғанын айтып, тағдырына зарлап қайтатын…

Ұста қанша «шағымданба» десе де, шәкірт осы бір әдетін тастамайтын.
Содан бір күні, ұста шәкіртті тұз алуға жібереді. Бір уыс тұзды бір кесе суға салып жіберіп, — Осыны іш! — дейді ұста. Шәкірт тұзды суды ұрттап, іше алмай түкіріп жібереді.

Ұста: — Су қандай екен?,- деп сұрайды шәкіртінен. Шәкірт: — Өте тұзды!,- дейді.

Мұны естіген ұста: — Тұзды ал да, менімен жүр!, -дейді.

Шәкірт тұзды алып, ұстаның артынан барады. Көлдің жағалауына келіп, ұста бір уыс тұзды алып көлге төгеді.

Бұл жолы да, шәкіртіне — Көлдің суын ұртта да, маған дәмі қандай болғанын айт!,- дейді ұста. Шәкірт көлдің суынан ішіп, — Өте дәмді!,- деп тіл қатады.

Ұста: — Тұздың дәмін сездің бе?,- деп сұраса, шәкірті түк сезбегенін айтады.

Сол кезде ұста шәкіртіне қарап, былай дейді:
Өмірдегі жайсыз жағдайлардың барлығы бір уыс тұз секілді. Егер сен бір кеседей ғана су болсаң, су ішкендегідей барлық ащылықты татып, өміріңе кері әсер етесің…

Егер де, мейірімің мен көңілің көлдей кең болса, өміріңде кездесетін жайсыздықтардың ешбірі, бір уыс судың бір көлге әсер етпегеніндей, өміріңе ащылығын сездірмейді!

ТҮЙІН: АДАМНЫҢ ӨМІРІ — ОЙЫНЫҢ ЖЕМІСІ.
Әр адам — өзінің ішкі жан дүниесінің кескіні. Адам қалай ойласа, демек өзі де сондай!
Кесенің емес, көлдің суындай болайық!

Өз бақытсыздығына қоршаған ортаны, адамдарды, жалпы өмірді кінәләп, әр нәрседен мің іздейтін, шағымдануға жан салмайтын адамдарға жаным ашиды…

Расында, ондай өзгені сынағыштар ешқашан дамымайды, өмірде жолы болмайды және өз олқылықтарын ешқашанм жоюға талпынбайды екен…
Себебі, біреуді сынауға құмарлық адамның бойындағы қызғаншақтық, іштарлық, өкпешілдік сияқты жаман қасиеттері оның тұлғалық дамуына кері әсерін тигізері айдан анық.

Айтпағым, сабыр мен қанағатты қос қанатымызға айналдырып, тағдырымызға ризашылық таныта білейік! Ешкімге шағымданбайық! Өз өміріміз — өз қолымызда екенін ұмытпайық!

Алла тағала бәрімізге көркем мінез берсін!