Шағын футбол алаңы қолданысқа берілді
Бүгін Елорда күні мерекесіне орай Шығанақ ауылында жастар мен жасөспірімдерге арналған шағын футбол алаңы ашылды. Бұл берекелі іс «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп отыр. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов қатысып, ашылу лентасын қиып, құтықтау ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар ауыл ақсақалы Төрехан Исақов сөз алып, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Кіші футбол және стритворкаут алаңшасының сметалық құны 12 710 мың теңге. Тапсырыс беруші Шығанақ ауылдық округінің әкімімен жеке кәсіпкер «Нұрлыхан» арасында 2020 жылдың мамыр айының 12 күні 11 340 мың теңгеге келісім шарт жасалған.