ШАҒЫН АУЫЛДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР
Ауылдардың орталықтан алшақ орналасуы елді мекеннің әлеуметтік-эконмикалық дамуына тежеу бола алмайды. Мемлекетімізде ауылдарды алалау жоқ. Аудан орталығынан шалғай орналасқан Көлқайнар ауылында бая-аяғы 18 аула, 67 тұрғын тұрады. Ауылдықтардың басымкөпшілігі мал шаруашылығымен айналысады.
Байзақ ауданымен шекаралас жатқан ауыл оқушылары көршілес Абай ауылындағы білім ордасында сауат ашуда. Оқушылардың тасымалдануына арнайы көлік қарастырылған. 50-ге жуық оқушы білім алады.
Жалпы ауылдың дамуы , өткен жылдары атқарылған жұмыстар туралы бізбен ілесе жүрген Көлқайнар ауылдық округінің әкімі Асылбек Қонаровтан сұрап білдік.
– Жыл басында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының қатысуымен өткен кездесуде көлқайнарлықтар бірқатар сұраныстарын жеткізген болатын. Бүгінде талап-тілектер орындалды. Мысалға ауылға кіреберістегі 3 шақырымға жуық көше толықтай асфальтталып, аяғы орталық көшеге келіп тірелді. Тіршілік нәрінен тарығып жүрген ауылдықтарға мемлекеттік бағдарлама аясында ауызсу модулдік қондырғысы орнатылды. Бүгінде тұрғындар сапалы ауызсуды пайдаланып отыр. Мұнан қалса ауыл «көгілдір отынныңда» қызығын көріп отыр. Бұл игіліктің бәрі тұрғндардың көптен бері көтеріп келе жатқан мәселесі болатын. Алдағы уақытта орталық көшені толықтай асфальттау және жарық шамдарын орнату күн тәртібінде тұр. Бұл жұмытарды да жоспарға сәйкес тиянақтайтын боламыз, – дейді Асылбек Серікұлы бізбен әңгімесінде.
Жалпы ауылда атқарылып жатқан жұмыстарға тұрғындардың да берер бағасы бар.
– Теледидардан Мемлекет басшымыз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету, ашықтықты қалыптастыру деген саясаты орындалып келеді. Жыл басында бірқатар ауыл азаматтарымен Тастөбе ауылындағы кездесуде болдық. Аудан басшысына ауылға ауызсу, жол қажеттігін көтердік. Мінекей, бүгінде талап тілегіміз орындалып отыр. Ендігі кезекте «Ауыл аманаты» жобасына енгізілсек, тартымбай жұмыс жасаймыз. Біздің ауыл жылыжай салсаңда, мал асырасаңда өте қолайлы, – дейді Бақытжан Есенбеков.