Шағын футболдан ардагерлер арасында турнир өтті
Шағын футболдан ардагерлер арасында Талас аудандық мәслихат депутаты болған Ахмедияр Қонысбайұлы Назарбековты еске алуға арналған аудандық ашық турнирінің өтті.
Жарысқа Байзақ, Жамбыл, Сарысу, Дантист-Тараз, Альтаис, Намыс-Қаратау, Ақкөл аймағы және Қаратау қаласы ардагерлер құрама командалары қатысып, 100-ден астам спортшы қамтылды.
Жарыстың ашылуына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлынбайұлы,Талас ауданының әкімі Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы, Талас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әсемов Жұмабек қатысты.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлынбайұлы жарыстың ашылуымен құттықтап, ардагерлерге сәттілік тіледі.
Командалар 2 топқа бөлініп, әр топта жеңімпаз атанған командалар жартылай финалды сарапқа салды.
Финалдық ойында Талас ауданының «Намыс-Қаратау» командасымен тараздық «Дантист» командасы ойнап, негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталып, ойын соңында пенальти теуіп Талас ауданының «Намыс-Қаратау» командасы жарыс жеңімпазы атанса, Тараздық «Дантист» командасы екінші орынды иеленді, ал үшінші орынды Жамбыл ауданы ардагерлер құрама командасы қанағат тұтты.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы кубок, медаль, дипломдармен және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Жамбыл облысының әкімдігі