Шахандықтарға депутаттар да көмек беріп жатыр
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин мәлім еткендей, Палата Бюросы Қарағанды облысының Шахан кентінде орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккендерге көмек қорына Мәжіліс депутаттарының бір күндік еңбек жалақысын аудару туралы Қаулы қабылдады. Халық арасынан шыққан депутаттардың мұндай жомарттыққа баруы басқа да қалталы азаматтарға үлгі боларлықтай.
«ЕлАна»