ШАҺМИРАН
(Аңыз)
Ерте заманда Ахмеддин деген патша өмір сүрген екен. Ол өте әділ және көрегенді патша болған деседі. Бірде Ахмеддин патша қартайған шағында айықпас дертке шалдығып қатты ауырады.
Оның ауруының емін ешқандай емшіде балшыда таба алмайды екен. Ауру жанына батқан патша: Егер кім де кім менің ауруымды емдейтін болса өзімнің патшалығымның жартысын соған силаймын дейді.
Бұны естіген қол астындағы оңбаған уәзірі патшаның жарты байлығын алуын үшін не бір амалдар іздестіріп оны қалайда емдеп алуды ойлайды. Сүйтіп жер- жерді кезіп патшаның ауруының емін іздейді.
Не бір шахарларды аралап келе жатқан уәзір бір тастың үстінде демалып отырғанда бір саудагерлердің әңгемісін естіп калады. Ол саудагерлер былай деп жатқан болады :
-Осы шахардың сырт жағында бір жылан бар дейді жыландардың патшасы көрінеді, атын естіген адам сол мезетте қайтыс болады дейді және оның қаны бүкіл дертке дауа екен сол жылан бізде болсағой ханымызды емдеп жазып бір байып калар едік деп айтып жатқанын естіп қалады.
Уәзір жандарына келіп ол жыланды қайдан тапса болады айт кәне дейді.
Саудагерлер ой оны табу қайда оны табу қиынның қиынығой дейді.
Бірақ оны осы шахардың оң жол жақ шетінде тұратын үйі ескі кедейдің баласы білетін көрінеді дейді.
Уәзір дереу сол баланың үйін тауып барып балаға айтады сен осындай бір жыланды біледі екенсіңғой айт кәне айтпасаң әке шешеңнің басын аламын дейді.
Бала қорқып, айтқысы келмеседе айтуға мәжбүр болады.
Ол бала Шахмиранмен былай кездескен еді:
(Бала өзінің достарымен ойнап жүріп шахардың сыртынан алыс кетіп адасып сол Шахмиранның үңгірінің алдына барып ұйқтап қалады.
Оны көрген Шаһмиран баланы өлтірмекші болып жатқанда бала ойянып кетіп мені өлтірмеші деп жалынады.
Жылан баланы аяп кетіп өлтірмейді және оған мені көргеніңді ешкімге айтпа деп аманат қылып тапсырады.Бала келісіп онымен алдағы уақытта кездескісі келетінін үңгірге келіп жүргісі келетінін және дос болсақ деп өтініш айтады.
Шаһмиран қуанып оған өзінің шын атын айтады жәнеде есімімен шақырса үңгірден лезде шығатынын айтады.Сүйтіп бала Шаһмиранға келіп қызықты уақыттар өткізіп ойнап кетіп жүреді.
Содан уәзір ата анаңды өлтірем деп қоймаған соң бала уәзірді Шаһмиранмен кездестіруге уәделеседі.
Оңбаған уәзір қатты қуанғаны соншалық патшаға жүгіріп келіп оны емдейтінін айтадыда патшамен бірге жорыққа жүреді. Кедей бала жол бастап патшамен уәзірін нөкерлерін ертіп апарады.
Екі нөкер үңгірдің ауызында жалаңдаған өткір қылышын алып дайындап жыланды өлтіруге әзір тұрады.
Бала Шаһмиран мен келдім дыбыстайды.
Шаһмиран бала келді екен деп қуанып үңгірден атып шыққанда екі нөкер жыланды үш бөлікке бөліп түсіреді.
Жыланның 3 бөлігінде үш түрлі қасиет бар:
1-ші бөлігінде у болады
2-ші бөлігінде ауруға ем бар
3-ші бөлігінде ақыл Білім жатады
Бірінші бөлігін оңбаған уәзір шыдай алмай қанын өзім ішем деп ішкен кезде бойына у тарап сол жерде мерт болады.
Екінші бөлігінін қанын патша ішіп бүкіл ауруынан жазылады.
Ал үшінші бөлігінін қанын кедей бала ішіп данагөй ақылды болады.
Сүйтіп патша балаға рахметін айтып өз уәдесінде тұрады.
Шаһмиранның үңгірге оралмағанын білген басқа жыландар оны іздеуге шығады. Үңгірдің ауызында өздерінің патшаларының өлі денесін көргенде жыландар кім өлтірді екен деп әлі күнге дейін іздейтін көрінеді.
Бірақ жыландар өздерінің патшаларының адам қолынан қайтыс болғанын осы уақытқа дейн білмейді екен.
Бекболат Қарабала.
100
Комментарии: 5
Поделились: 24
Нравится
Комментировать
Поделиться