Шайға сары май салып ішу
Соңғы кезде Америкада шай мен кофеге сары май салып ішетіндер көбейе бастапты. АҚШ ғалымдарының соңғы зерттеу нәтижелері бойынша шайға немесе кофеге кішкентай ғана сары май салып жіберіп ішкеннің ағзаға орасан зор пайдасы бар екен. Олар:
асқазан жарасын болдырмайды;
асқазан жарасы болса жазылуына ықпал етеді;
тыныс алу мүшелерін сырқаттан сақтайды;
тыныс жолы ауруларына таптырмайтын ем;
иммунитетті күшейтеді;
қан тамырларын тазартады;
мидың жұмысын жақсартады;
алжудан сақтайды;
тамақсаулықтан сақтайды:
бедеуліктен сақтайды;
шаш пен тырнақты, теріні нәрлендіреді;
климакстің ерте болмауына ықпал етеді;
зат алмасу процесін жақсартады;
ішті қатырмайды.
Ең бастысы ағзадағы майдың реттелуіне үлкен әсері бар көрінеді. Ал сары май құрамындағы калий, фосфор, кальций, натрий, селен, магний, темір, мырыш, марганец, А, Е, РР, В1, В2, В5, Д витаминдерінің ағзаға қаншалықты пайдалы екендігін айтпаса да болады.
Шайға сары май салып ішіп көріңіздер. Тәтті екен :).
Біздің ата-бабаларымыз көп біліп, көп нәрсені дұрыс істеген !