ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА АУДАН ДӘРІГЕРЛЕРІ

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА АУДАНЫМЫЗДЫҢ БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРІ АУДАН АУЫЛДАРЫНА БАРДЫ.
«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында ТАЛАС АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА қызмет етіп жүрген бір топ білікті дәрігерлер 2023 жылдың 1- тоқсанында ТАЛАС ауданына қарасты 7 дәрігерлік амбулаторияларда болды.
Дәрігерлер ауыл тұрғындарымен жүздесіп, медициналық көмек көрсетті.
Олар тұрғындардың хал-жағ­дайын тек­серіп, консульта­ция берді. Ауыл халқы маман дәрігерлерді із­деп қалаға сабыл­май, өз ауылын­да жүріп денсаулығын түзеуге мүм­­кіндік алды. Мұндай шара басқа ауылдарда да жал­ғасын табады.
ТАЛАС ауданында халыққа 1 орталық аудандық аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік аку­шерлік пункт, 13 медициналық пункт қызмет көрсетеді.
Емхана меңгерушісі Гульнара Каленова бастап барған аудандық дәрігерлер бригадасының құрамында балалар, ересектер невропатологы, хирург-ортопед, кардиолог, окулист, гинеколог мамандары бар.
Қаңтар- наурыз айларында іс-сапар аясында мамандар 2000- нан астам адамды қабылдап, медициналық кеңес берді.

Талас Црб