ШАЛҒАЙ АУЫЛДАР ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫСПЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Аудан әкімі Б.Жақсылықов жұмыс алгоритміне сәйкес ауылдық округтерде болып, әлеуметтік нысандардың жай-күйін көріп, халықпен кездесу жиындар өткізуде.
Өткен аптада аудан әкімі Б.Жақсылықов, аудандық мәслихат хатшысы С.Бегеев Қамқалы ауылдық округіне барып, әлеуметтік нысандарды аралап, бөбекжай орталығына арнайы барып, ондағы кішкентай бүлдіршіндермен жүздесті.

 

Сондай-ақ, ауылдық округ тұрғындарымен жиын өтті.
Жиынға мекеме, кәсіпорын басшылары, Қамқалы ауылдық округіне қарасты мекеме басшылары, шаруа қожалықтарының төрағалары, көше комитеттерінің өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес Қамқалы ауылдық округі әкімі М.Төлеутай округте жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, жыл ішінде іске асырылған жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын тілге тиек етті.

 

Сондай-ақ ауылдық округ тұрғындары жарыссөзге шығып, көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Аудан әкімі округ әкіміне жиын барысында қойылған сұрақтарға байланысты іс-шара жоспары жасалынып, орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
Жиынды аудан әкімі Б.Жақсылықов қорытындылап, басқосуға қатысып отырған ауыл тұрғындарын алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға қолдау көрсетулерін сұрап, ауыл тұрғындарын бірлікке шақырды.
Ал, Құрмет Грамотасын ауылдық аймақ тұрғындардың жиын барысында аудандық мәслихат хатшысы С.Бегеев ауыл шаруашылық саласына қосқан елеулі үлес үшін Нұрболат Жұсанбаевқа тапсырды

 

 

P.S:

Сөз соңында айта кетер қуанышты жаңғалық:

Енді шалғайдағы ауылда интернет – қолжетімділігі артпақ.
Талай жыл арман болған ұялы байланыс іске қосылатын болды. Мұндай мүмкіндікті «Кселл» желісі арқылы ұялы байланыс Жайлаукөл ауылына, Шығанақ және Қамқалы ауылдарында желтоқсан айының аяғына дейін қосылатынын естіген ауылдықтар шексіз қуанышқа бөленді.