ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА ШЕТТЕ ҚАЛМАЙДЫ!

Бүгін Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев ауылдық округ әкімдерімен бірлескен 2021 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдындағы есебі жалғасуда. Кезекті кездесу аудан орталығынан шалғай орналасқан Шоқпар, Далақайнар, Дулат, Балуан Шолақ ауылдық округтерінде жалғасты. Аудан басшысы Сәкен Қаланұлы аудандағы әлеуметтік — экономикалық көрсеткіштермен, атқарылған айтулы жұмыстарға тоқталып өтті. Ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтарына баса назар аударып, шалғайда орналасқан ағайынның айқайы алдағы уақытта өз шешімін тауып, шетте қалмайтынын жеткізді.

 

 

Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі