ШАЛҒАЙДАҒЫ ҚОС АУЫЛҒА КӨГІЛДІР ОТЫН КЕЛЕДІ

Бүгінгі халықпен кездесуім аудан орталығынан ең шалғайда орналасқан Шоқпар және Далақайнар ауылдық округтерінде өтті.
Аталған қос ауылдың да тұрғындарын толғандыратын мәселе көгілдір отын болатын. Жыл басындағы есепті кездесуде де дәл осы түйткіл көтерілген. Осыған байланысты биыл қос округке де магистралды газ құбыры жүргізілсе, келесі жылы ауылдар көгілдір отынмен толық қамтылмақ.
Тағы бір айта кетерлігі, осыған дейін шалғайда жатқан Шоқпарға ауыз су тарту тиімсіз деп табылып келген. Бұл мәселе өз кезегінде жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне түрлі ауыртпалығын тигізуде. Осыны ескере отырып, округке қарасты Құлақшын стансасына биыл, Алайғыр стансасына келесі жылы суды тазартуға арналған шағын модульды блок орнатуды жөн көрдік. Бұдан бөлек, спорт және ойын алаңшасын салу сынды жұмыстар да өз ретімен жалғаса беретін болады.