Шәмші Қалдаяқовтың есімі өзі тұрған ауылдағы Мәдениет үйіне берілді

Бұл қуанышты жаңалық туралы Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

 

«Бүгін Үкімет қаулысымен Жалпақтөбе ауылдық Мәдениет үйіне осы ауылда 18 жылдай тұрған композитор, вальс королі, елдің сүйікті сазгері Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді.


Шәмші ағаның әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан тау суындай мұнтаздай сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленетінін қазақ жұрты жақсы біледі. Аудан жұртшылығының, мәдениет қайреткерлерінің көптен күткен тілегі қабыл болды.
Құтты болсын!» делінген аудан басшысының жазбасында.

Расымен өнер майталмандары осы сәтті көп күткен еді. Әсіресе, жалпақтөбелік ағайынның қуанышын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі