«Наурызнама» тұжырымдамасы бойынша 16 наурыз – Шаңырақ күні ауданымызда аталып өтуде.
Осы орайда, бүгін Сарысу аудандық орталық аурухана бас дәрігері Айнұр Тұяқбайқызы мен кәсіподақ төрайымы Қазына Ысқаққызы отбасылы медицина қызметкер әріптестері хирург дәрігер Ержан Ордабекұлы мен жұбайы жалпы тәжірибелі мейіргер Айдана Ерғалиқызын нәрестелі болуымен құттықтап, наурызға базарлық сыйлықтарын тарту етті.
Сондай — ақ, жас отбасылардың бірі жедел-жәрдем фельдшері Сүндет Ерланұлы жұбайы жалпы тәжірмбелі мейіргер Айғаным Мейрамбекқызын көтерген шаңырақтарымен құттықтап, шаңырақтары биік болсын деген ниетпен сый — сыяпат жасады.