ШАРДАРА СПОРТШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ

Маусым айының 20-21 күндері Шардара қаласында гір спортынан ересектер арасында Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орай VIспартакиадасы өтті. Аталған жарыста облыстың түкпір-түкпірінен келген командалар бас қосты.
Командалық есепте І орынды Шардара ауданының спортшылары еншілесе, ІІ орын Созақ ауданының өрендеріне бұйырды. ІІІ орынды Түлкібас ауданының спортшылары жеңіп алды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі