ШАРДАРАДА ЖАҒАЖАЙ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Ата заңы, Конституциясы күні мерекесіне орай, аудан туризмін дамыту мақсатында Шардара ауданы әкімінің кубогына арналған жағажай спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, қатысушылар балық аулау, волейбол, футбол, қол күрес, гір көтеру және арқан тарту спорт түрлерінен сайысқа түсті. Сондай-ақ, жастар мен еріктілер су қойма жағалауына «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық шарасын жүргізді.
Спорттық шараның ашылуына аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Б.Шомпиев қатысып, баршаны айтулы мерекемен құттықтап, аудандағы жан-жақты жетістіктерге тоқталып өтті.
Сайыс барысында командалар тартысты әрі қызықты ойын көрсетіп, белсенділік танытты.
Жарыс соңында жеңімпаз болған қатысушыларға арнайы мадақтама қағазы беріліп, сый-сияпаттар табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі